Бастапқы бет - Аудио - Құдай, қайдасың?! Аудио кітап

 
Құдай, қайдасың?! Аудио кітап
Ұстаз: Джон Бивер

Шөл далада күш-қайрат пен анық мақсатқа ие болыңыз

Өміріңіздің күрделі кезеңінде ұнжырғаңыз түсіп, «ҚҰДАЙ, ҚАЙДАСЫҢ?!» деген сұрақ мазалап жүр ме?

Бәлкім, Құдайдың даусын естіген боларсыз. Алайда, қазір Жаратқан Ие үн қатпайтын тәрізді. Мүмкін, сенім жолымен жүрген боларсыз. Енді, міне, Құдайдың құзырын таппай жүрсіз. Жаратқан Иенің уәде беруі мен сол уәденің орындалуы арасындағы орын – шөл далаға қош келдіңіз.

Алайда, жақсы хабарым да бар, шөл дала – мақсатсыз кезіп жүрген жеріңіз емес. Шөл даладан дұрыс өтер болсаңыз, ол дайындық орнына айналып, сізді Құдайдың аманатын орындауға жарақтайды. Өміріміздегі шөл дала кезеңінен қол қусырып, Құдайды күтумен ғана өтпейміз. Шөл даладағы сіздің көзқарасыңыз бен іс-әрекетіңіз өте маңызды. Құла түзді шыр айналып, уақытыңызды босқа жоғалтпауыңыз үшін, шөл даланың не екенін анық білгеніңіз жөн.

Бірнеше бестселлердің авторы Джон Бивер даналыққа толы осынау кітабында өз өмірінен мәнді мысалдар келтіріп, оқырманды Киелі Кітаптан алынған маңызды мәліметпен жарақтандырады. Бұл кітап қуаңшылық маусымынан, күрделі кезеңдерден аман-есен өтіп, Құдай уәде еткен жерге кіруіңізге көмектеседі.

Барлығын жүктеу: ~369.74 MB

Осы тақырыптағы басқа ресурстар:
Құдай, қайдасың?!

Бөлісу