Бастапқы бет - Аудио - Мəңгілікке ұмтылғандар Аудио кітап

 
Мəңгілікке ұмтылғандар Аудио кітап
Ұстаз: Джон Бивер

Жердегі өмір — қас қағым сəт қана, алайда көбіміз мəңгілік жайлы еш ойланбастан өмір сүреміз. Мəңгіліктегі тағдырымыздың қандай болары жерде қалай өмір сүргенімізге қарай шешіледі. Киелі Жазбаның айтуынша, сенушілердің алатын сауабы əртүрлі — істерінің барлығы отқа жанып кететіндер де, Мəсіхпен бірге мəңгі патшалық құратындар да болады.

Қорынттықтарға арналған 2-хаттағы (5:9-11) үзіндіні негізге алып, Джон Бивер барлық сенушілердің Мəсіхтің алдында өз іс-əрекеттеріне қарай лайықты баға алатындарын еске салады. Уақытымыздың басым бөлігін мəңгіліктегі сыйға жеткізетін нəрселерге емес, тіпті басқа заттарға арнағанымызды түсінгенде көбіміз қатты өкінетін боламыз.

Өміріміз мəнді болуы үшін не істеуіміз керек? Мəңгілікке ұмтылғандар кітабынан өміріңіздің мақсатын қалай табуға болатынын, Құдайдың берген сыйын арттыра түсіп, тапсырмасын қалай орындайтыныңызды біле аласыз. Өміріңізге мəңгілік тұрғысынан қарағанда, мəңгі жеміс үшін еңбек етуге дайын боласыз.

Бөлісу