Кезектегі тіл: kk Қазақ

Тіл

Бастапқы бет - Туралы Мәлімет

Сloud Library туралы мәлімет

«Messenger International» қызметінің мақсаты – бағушылар мен жетекшілерге және олардың тұрып жатқан мен қаржы жағдайларына қарамастан осы ақпараттық ресурстарды жеткізу. Сол себептен, CloudLibrary сайты осындай мақсатпен шығарылған. Соның негізінде, әр түрлі тілдерге аударылған халықаралық жүйесі арқылы тегін түрде ақпараттар таратуға көздейді.

Біздің мақсатымыз –дүние жүзіндегі көп таралған тілерде осы ресурстарды қол жетімді ету, соның нәтижесінде, бүкіл жер бетінде адамдардың 98% дың санына Құдайдың Сөзін жеткізу. СlоudLibrary сайты осы мақсатқа жеткізетін жолдардың (тәсілдердің) бірі. «Неге?» десеңіз. Өйткені кәдімгідей ресурстардан гөрі виртаулдық ресурстар ақпараттар бірнеше есе жылдамырақ таратылады. Біз сізге осы интернет ресурстарды пайдалануға ұнайтынына үміттенеміз.

Авторлардан

Иса Мәсіх біздерге тек қана Ізгі Хабар уағыздауға емес, сонымен бірге шәкірттерді дайындауға аманат тапсырды. Осы тәлімдер сізге Исаның нағыз шәкірт болуға көмектеседі. Біз сіздің рухани өсуіңізге себепші болғымыз келіп, Құдайдың рақымының арқасында өзіңіздің ықпал өрісіңізде өзгертетініне сенеміз. Құдай әр адамның рухына Өз ұлылығын берген еді. Ол сізді жақынан танып біліп, өзіңізбен терең қарым-қатынаста тұруды қалайды. Сіз Жаратқан Иемен қарым-қатынаста тұруға өскен сайын, Оның Сөзінің құдіретіменен өзгере бересіз.

Құдай сізді өзіңіздің қабілет пен дарындарыңызға сәйкес Өзінің ерекше мақсатын жүзеге асыру үшін жаратты. Біз сізді өзіңізге арналған Тәңірдің бар игіліктерді толығырақ иемдеуңізді қалаймыз және де мақсатыңызға жету үшін осы ресурстар тиімді құралдар болсын деп дұға етіп тілейміз.

Құдай сізге Өз батасын төксін

Сіздің рухани бауырластарыңыз Джон мен Лиза Бивер

Біздің қызметіміздің мақсатын қолдаңыз

Сіз осы ресурстар бүкіл дүние-жүзінде таратылып жатқанынан адамдардың өмірлері өзгеріп жатқанына қарап, бұған өз үлесіңізді қосқыңыз келе ме? Егер сіздің Cloud Library қызметін колдағыңыз келсе, онда осы әлектрондық поштаға хабарласыңыз: getinvolved@cloudlibrary.org. Біздің қызметімізге үлес қосқаныңызға сізге алдын ала алғысымызды білдіреміз!